«PROFМарафон: МЕЙІРІМ» әлеуметтік жобасы
PROFМарафон: МЕЙІРІМ» әлеуметтік жобасы аясында М. Жұмабаев атындағы жоғары колледждің «Искорки» еріктілер клубының мүшелері «Аяла» қарттар үйіне барып, игі іске атсалысты.
Волонтерлік акция барысында студенттер әлеуметтік-тұрмыстық жұмыстарға көмектесіп, қарт жандарға қолдау көрсетті. Алайда бұл кездесудің ең құнды сыйы — назар, қамқорлық және жүрек жылуы болды. Еріктілер қарттармен шынайы әңгімелесіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен естеліктерін, тағылымды әңгімелерін қызығушылықпен тыңдады. Осындай кездесулер қарапайым адами қарым-қатынастың, бір-біріне көңіл бөлудің және жан жылуының қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте сезіндіреді. Үлкенге құрмет пен қамқорлық — ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Жақсылыққа толы игі істер ұрпақтарды біріктіре берсін!