Сапа саласындағы саясат

Колледж – еліміздің ең көне оқу орындарының бірі, қарқынды дамып келе жатқан, жаңа білім беру технологияларына бағытталған, едәуір ғылыми базасы, қазіргі заманғы материалдық-техникалық ресурстары, жоғары білікті кадрлық әлеуеті, бай рухани және ғылыми мұралары бар.

М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің миссиясы
түлектердің бәсекеге қабілеттілігін және колледждің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Колледждің тұжырымдамалық идеясы:
Тұлғаның дамуы
Кәсіби қасиеттерін қалыптастыру
Білім берудің жоғары стандарттары
Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
Әлеуметтік және мәдени құндылықтарды қалыптастыру
Салауатты өмір салтын тәрбиелеу
Төзімділік және сыни көзқарас

Колледждің мақсаты: кәсіби кадрларды даярлау және олардың білім беру қызметтері нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.

Мақсатқа жету, ұжымның әлеуетті мүмкіндіктеріне, қолда бар ресурстарға және еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес міндетті жүзеге асыру үшін мынадай негізгі міндеттер анықталды:
1) әлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияланған, техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесінің жұмыс істеуі;
2) орта білімнің жаңартылған мазмұны бойынша теориялық және практикалық дайындықтан өткен және осы әдіснаманың құзыреттілігін меңгерген мамандарды даярлау;
3) техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту контексінде педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру;
4) болашақ маманның көптілді тұлғасын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
5) тұлғаның рухани-адамгершілік дамуын қалыптастыру бойынша іс-шаралардың тиімділігін арттыру.

Колледждің саясаты: колледж саясаты миссия мен даму стратегиясына сәйкес келеді, бәсекеге қабілетті, жоғары кәсіби кадрларды даярлауда барлық санаттағы тұтынушыларды барынша қанағаттандыруға бағытталған

Сапа саласындағы саясаттың көздейтіні:
кадрларды даярлау сапасын одан әрі жетілдіру, білім беруде құзыреттілік көзқарасты қамтамасыз ету;
республикалық және халықаралық рейтинг нәтижелері бойынша басқа колледждердің арасында көшбасшылық ұстанымдарын сақтау арқылы колледж мәртебесін арттыру;
белсенді азаматтық ұстанымды, адамгершілік құндылықтарды, студенттер мен қызметкерлердің өмір бойы үздіксіз кәсіби білім алу қажеттілігін тәрбиелеу;
жүйелік мониторинг және құжаттаманы тиімді жаңғырту және өзектендіру жолымен сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін арттыру;
колледж қызметінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізу;
оқытушылар, студенттер мен жұмыс берушілердің өзара ынтымақтастығының ерекше ортасын қалыптастыру үшін қолайлы және қажетті жағдайлар жасау;
сыртқы мүдделі тараптармен өзара тиімді ынтымақтастық.

Сапа саласындағы стратегиялық мақсаттар

1. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және ИСО 9001:2015 халықаралық сапа стандартының барлық талаптарына сәйкес келетін білім беру қызметтерін ұсынуға дайындығы және қабілеті.
2. Тәрбиелеу мен дамытудың жаңа тұжырымдамаларына негізделген оқыту технологиясы мен техникасын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру.
3. Білім беру процесінің басым бағыты ретінде тәрбие жұмысының тәсілдері мен формаларын жетілдіру.
4. Колледжде дәстүрлерді сақтау және дамыту (ұрпақтар сабақтастығы, патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу).
5. Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.
6. Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес колледж түлектеріне жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.

Колледж басшылығы осы саясатты түсіну, жүргізу және енгізу үшін қажетті жағдайларды жасау үшін өзіне міндеттеме алады және жауапты болады.

Сапа саласындағы мақсаттар

М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру үшін келесі мақсаттарды алға қояды:

1. Жұмыстың нәтижелілігін үнемі арттыру және білім беру қызметтерінің сапа менеджменті талаптарына сәйкестігі.

Мерзімі: тұрақты

2. Ішкі аудит тетіктерін ұйымдастыру және сапа менеджменті мәселелері бойынша ақпарат алмасуды қамтамасыз ету.

Мерзімі: тұрақты

3. Сертификаттау органында ИСО 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесін жоспарлы сертификаттау.

Мерзімі: 2019 ж. 2 жарты жылдығы

4. Циклдық әдістемелік комиссия отырыстарында, семинарларда техникалық және кәсіптік білім берудің, орта білім берудің жаңартылған мазмұнының мәселелерін зерделеу.

Мерзімі: тұрақты

5. Орта білім берудің жаңартылған мазмұнын ескере отырып, педагогикалық мамандықтарда жұмыс оқу бағдарламаларын және практика бағдарламаларын түзету.

Мерзімі: қыркүйек 2017ж.

6. Педагогикалық мамандық студенттерін факультативтік сабақтар сағаттары және педагогикалық практика арқылы орта білім мазмұнын жаңартудың негізгі үрдістерін меңгеруге дайындау.

Мерзімі: тұрақты.

7. Білім мазмұнын жаңартуға қойылатын жаңа талаптарға сәйкес жаңа мамандықтарға лицензия алу:

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

0101033 «Ағылшынша білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»

0105000 «Бастауыш білім беру»

0105083 «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»

0105061 «Бала күтушісі»;

0111000 «Негізгі орта білім», біліктілігі 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», 0111113 «Ағылшынша білімі бар математика мұғалімі», 0111143 «Көркем еңбек мұғалімі»;

0108000 «Музыкалық білім беру», біліктілігі 0108013 «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка мұғалімі»

Мерзімі: наурыз 2018г.

8. Оқытудың модульдік технологиясын 130400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», 1305000 «Ақпараттық жүйелер (қолдану облыстары бойынша)», 0105000 «Бастауыш білім беру». мамандықтарына енгізу

Мерзімі: 2017-2019 ж.

9. 0105000 «Бастауыш білім беру» біліктілігі «Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавры»; 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие» біліктілігі «Мектепке дейінгі тәрбие жән оқыту қолданбалы бакалавры», мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу.

Мерзімі: 2019-2020 г.

10. Ақпараттық технологиялар бойынша құзыреттер орталығын ашу жобасын іске асыру.

Мерзімі: 2018-2019 г.

11. Колледждің оқу үрдісінде "Өзін-өзі тану" адамгершілік рухани білім беру бағдарламасын біріктіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру.

Мерзімі: тұрақты.

12. Оқытушылардың кәсіби деңгейінің ғылыми әлеуетін арттыру, жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында жақын және алыс шетел оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Мерзімі: тұрақты.

13. WorldSkills Kazakhstan өңірлік және Ұлттық чемпионаттарына қатысу.

Мерзімі: жыл сайын.

14. Студенттер мен оқытушылардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен фестивальдар ұйымдастыру және өткізу.

Мерзімі: жыл сайын.

15. Колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту және жабдықтау.

Мерзімі: тұрақты.

16. Перспективалық жоспарға сәйкес колледждің педагогикалық қызметкерлерін аттестациялауды өткізу.

Мерзімі: тұрақты.

17. Перспективалық жоспарға сәйкес колледж оқытушыларын түрлі деңгейдегі біліктілікті арттыру курстарында оқыту.

Мерзімі: үнемі.

18. Түрлі деңгейдегі әдістемелік және ғылыми-зерттеу іс-шараларына қатысу.

Мерзімі: тұрақты.

19. Түрлі деңгейдегі әдістемелік және ғылыми-зерттеу іс-шараларына қатысу.

Мерзімі: тұрақты

enlightenedЦиклдік әдістемелік комиссия туралы ереже

enlightenedӘдістемелік кабинет туралы ереже

enlightenedПедагогикалық кеңес туралы ереже

enlightenedӘдістемелік жұмысын реттемелеуші ережелер жинағы

enlightenedӘдістемелік өңдеулер туралы ереже

enlightenedҒылыми-практикалық конференция туралы ереже

enlightenedОзық педагогикалық тәжірибе мектебі туралы ереже

enlightened«М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжі» КМҚК ұйымдық құрылымы туралы ережесі

enlightenedОқытушылар рейтингісі туралы ереже

enlightenedОзық педагогикалық тәжірибені зерделеу және тарату туралы ереже

enlightenedТәлімгерлік туралы ереже

enlightenedЖас оқытушы мектебі туралы ереже

enlightenedСтуденттің ғылыми қоғамы туралы ереже

enlightenedПедагогикалық және басқарушы кадрлардың кәсіби қайта даярлауы және біліктілігін жоғарылату туралы ереже


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст