Демонстрациялық емтихан

Мақсаты: білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің мазмұнын меңгеруі сапасын оларды зерделеу аяқталғаннан кейін (аралық аттестаттау) немесе олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (қорытынды аттестаттау) көзделген модульдер көлемін игеру дәрежесі айқындалғаннан кейін бағалау.

Білімді ұлт "Сапалы білім беру" ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы

Көрсеткіш-WorldSkills бағалау жүйесін үлгідегі ұйымдардың оқу процесіне енгізген колледждердің үлесі

Іс - шара - WorldSkills талаптарын ескере отырып, құзыреттілікті айқындау бойынша демонстрациялық емтиханды енгізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы "білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы"

Демонстрациялық емтихан-білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны.

Біліктілік емтиханы ұйымдардың оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы "орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"

Біліктілік емтиханы-теориялық және практикалық дайындықтың, тәжірибе мен құзыреттіліктің жеткіліктілігін объективті анықтауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін тағайындауға мүмкіндік беретін рәсім

Білім алушыларға жұмысшы біліктілігін беруге аралық аттестаттау жүргізу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығымен біліктілік комиссиясы құрылады. Жұмысшы біліктілігін беру туралы куәлік беру туралы шешім осы біліктілік бойынша жұмыс түрлерін орындау жөніндегі біліктілік емтиханы негізінде қабылданады

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау жалпы кәсіптік және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар тапсыру немесе дипломдық жобаны (жұмысты) орындау және қорғау немесе арнайы пәндердің және (немесе) модульдің бірі бойынша қорытынды емтихан тапсыра отырып, дипломдық жұмысты орындау және қорғау нысанында өткізіледі

Біліктілік емтиханы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында әрбір біліктілік бойынша қажетті жабдықпен жарақтандырылған өндірістік алаңдар, зертханалар, шеберханалар немесе оқу орталықтары болған кезде жұмыс берушілер кәсіпорындарының (ұйымдарының, мекемелерінің) немесе оқу орнының базасында өткізіледі

Құзыреті бойынша WorldSkills кәсіби стандарттары; WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарының ережелері

Қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік - құқықтық актілеріне сәйкес WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберлік конкурстарын (бұдан әрі-Чемпионат) ұйымдастыру және өткізу бойынша рәсімдерді айқындайды және 2020 жылғы "20" сәуірде Worldskills Kazakhstan Бас Ассамблеясымен бекітілді.

Құжаттама: Техникалық сипаттама, тапсырмалар, бағалау критерийлері, инфрақұрылымдық Парақ

WorldSkills кәсіби стандарттары техникалық сипаттамада сипатталған 2-бөлім

Этика кодексі-демонстрациялық емтиханды дайындау және өткізу кезеңінде шешім қабылдау кезінде басшылыққа алынуы тиіс WorldSkills International мінез-құлық нормалары мен этикалық стандарттары

Құзыреттілік паспорты

  • 1

Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст