Аттестаттауға қатысты мәселелер бойынша педагогтермен кеңес өткізілді
2026 жылғы 11 қыркүйекте колледжде аттестаттауға қатысты мәселелер бойынша педагогтермен кеңес өткізілді.
Кездесу басында колледж директоры Г.Ш.Жақанова педагогикалық ұжымға ізгі тілегін білдіріп, әріптестерді аттестаттаудан сәтті өтуге, кәсіби тұрғыдан одан әрі өсуге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге шабыттандырды.
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, облыстық мобильді топтың мүшесі А.Д.Мухамадиева 2026-2027 оқу жылына арналған пилоттық жоба аясында аттестаттаудан өту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Педагогтер аттестаттау портфолиосы материалдарын бағалаудың жаңа талаптары мен критерийлерімен таныстырылды.
Пилоттық жоба 2026 жылғы 21 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады. Ағымдағы оқу жылында барлық біліктілік санаттарындағы педагогтер «Ұстаз» үздіксіз кәсіби даму ұлттық бірыңғай платформасы арқылы аттестаттаудан өтеді.
Кездесу барысында педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Жеңілдетілген формат пен орындауға қолжетімді бағалау критерийлері педагогтерге аттестаттаудан мерзімінен бұрын өту мүмкіндігін қарастыруға мүмкіндік берді. Колледждің әдістемелік қызметі аттестаттаудан өтетін педагогтерге алдағы уақытта да қолдау көрсетіп, қажетті консультациялық-әдістемелік көмек беруді жалғастырады.
Барлық оқытушыларға аттестаттаудан сәтті өтуді, кәсіби мүмкіндіктеріне деген сенімділік пен жоғары нәтижелерге қол жеткізуді тілейміз!