«Баланың мектептегі алғашқы күндері: мазмұны, талаптар және бірінші сынып оқушыларының бейімделуін сүйемелдеу»

«Баланың мектептегі алғашқы күндері: мазмұны, талаптар және бірінші сынып оқушыларының бейімделуін сүйемелдеу»

Болашақ педагогтердің кәсіби практикасына алғашқы қадам! ...

Болашақ педагогтердің кәсіби практикасына алғашқы қадам! Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Баланың мектептегі алғашқы күндері: мазмұны, талаптар және бірінші сынып оқушыларының бейімделуін сүйемелдеу» кәсіби практикасын ұйымдастыру бойынша нұсқаулық конференция өтті. Конференция барысында студенттерге практиканың мақсаты мен міндеттері, өту тәртібі, практика базаларына бөлінуі және есептік құжаттарды жүргізу талаптары түсіндірілді. Ерекше назар бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу ерекшеліктеріне, сондай-ақ студент-практиканттың кәсіби этикасы, педагогикалық әдеп, қарым-қатынас мәдениеті, құпиялылық пен кәсіби шекараны сақтау мәселелеріне аударылды. ✨ Кәсіби практика — теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, болашақ педагогтің кәсіби қалыптасуына жол ашатын маңызды қадам. Студенттерімізге сәтті практика, жауапкершілік және кәсіби жетістіктер тілейміз!

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
01.09.2026
Дата обновления:
05.10.2026