«Адал азамат – әділетті қоғам негізі»
Колледж қабырғасында педагогтерді аттестаттау аясында«Адал азамат – әділетті қоғам негізі» тақырыбында 2026 жылдың 6-ыншы қарашасы күні арнайы пәндер оқытушысы(қазақ тілі мен әдебиеті) Лина Құдабайқызы Искакова УКЯ-1-24 топ студенттеріне танымдық сынып сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – болашақ мамандардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, парасаттылық және кәсіби этика құндылықтарын қалыптастыру.
Сынып сағатына педагогика пәнінің оқытушысы - Торғын Науанқызы Құттымбетова қатысып, студенттермен еркін пікір алмасу алаңында бірге болып, оқытушы ретінде кәсіби этика құндылықтары туралы ойын адалдықтың негізгі компоненттерімен ұштастыра отырып, студенттерге бағыт-бағдар беріп, адалдық пен әділдікті өмірлік ұстаным етуге шақырды.
Студенттер оқытушының көрсеткен жолымен адал азамат болудың маңыздылығы, қоғамдағы әділеттіліктің рөлі туралы ойларын ортаға салып, еркін пікірлерімен бөлісті.
Еркін пікір алмасу қатысушыларға тақырыпты тереңірек түсініп, өмірлік және кәсіби ұстанымдарына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
Лина Құдабайқызы іс шара соңында болашақ маман тек өз ісінің шебері ғана емес, сонымен қатар адал, әділетті, қоғам қалыптасырудағы іргетас екендігін айтып, сынып сағатын қорытындылады.
Адалдық пен әділдік – өркениетті қоғамның берік іргетасы.