«Білім берудің болашағы Мұғалімнен басталады: жасанды интеллект дәуіріндегі заманауи педагогтің миссиясы»

«Білім берудің болашағы Мұғалімнен басталады: жасанды интеллект дәуіріндегі заманауи педагогтің миссиясы»

2026 жылғы 31 тамызда колледжде педагогикалық кеңес аясында &...

2026 жылғы 31 тамызда колледжде педагогикалық кеңес аясында «Білім берудің болашағы Мұғалімнен басталады: жасанды интеллект дәуіріндегі заманауи педагогтің миссиясы» атты әдістемелік көрме өтті. Көрменің басты ерекшелігі - оның практикалық бағыттылығы. Колледждің тәжірибелі педагогтерінің жетекшілігімен студенттер әзірлеген жобалар көрменің ерекше мақтанышына айналды. Көрмеге колледждің барлық педагогтері, оның ішінде жас және жаңадан келген мамандар да қатысты. Олар үшін бұл іс-шара заманауи білім беру технологияларымен танысу ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі оқу міндеттерінің заманауи технологиялардың көмегімен жаңа мазмұнға ие болатынын көруге мүмкіндік берді. Педагогтер ұлттық дәстүр заманауи технологиялық шешіммен үйлесім тапқан, бағдарламалау, робототехника және инженерлік ойлауды біріктіретін «Арқан тарту» роботтандырылған ойынының жұмыс істеу қағидаларымен қызығушылықпен танысты. 3D-модельдеу және басып шығару жобалары, бастауыш мектеп жасындағы балалардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған «TengeLand» ойын платформасы, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша цифрлық портфолиолардың мүмкіндіктері ерекше назар аударды. Бүгінгі заманауи сабақ – көзге көрінбейтінді көруге, оқып-үйреніп жатқан дүниені жандандыруға, мамандыққа терең бойлауға және өз өнімін жасауға мүмкіндік береді. Ал мұның бәрі «Ал заманауи әдіспен жасап көрсек қайтеді?» деп айтуға дайын Мұғалімнен басталады.

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
02.09.2026
Дата обновления:
05.10.2026