2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы
Мемлекет басышысының жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды! Бұл бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді. Жас ұрпақтың жұмысшы мамандықтарға қызығушылығы – қоғамның тұрақты дамуының негізі. Олар еңбек нарығында қажетті дағдыларды меңгеріп, өздерінің болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жұмысшы мамандықтары жастарға тек кәсіби білім беріп қана қоймай, сонымен қатар жауапкершілік, еңбекқорлық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан, жастардың жұмысшы мамандықтарға тартылуы – еліміздің экономикалық және әлеуметтік өркендеуінің кепілі.